Елорда тұрғындары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, үй жануарларын tanba жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервиске» мына мекенжай бойынша тегін чиптей алады: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), Сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.
Сонымен қатар, Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады. Тізімді төменде көруге болады.
Астаналықтар үй жануарларына тегін чип орната алады
Оқи отырыңыз
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?