Жаңалықтар

Астаналықтар өкпе обыры бойынша тегін консультация ала алады

Астаналықтар өкпе обыры бойынша тегін консультация ала алады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 21.07.2023 07:31 637

29 шілде күні Ұлттық ғылыми онкология орталығында өкпенің қатерлі ісіктері профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған шара 1 тамыз – Дүниежүзілік өкпе обыры күні қарсаңында ұйымдастырылмақ.

Астана қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерден тегін жоғары білікті консультация ала алады.

«Біз халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар еткіміз келеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, бұрны жасалған медициналық қорытындыларды, клиникалық-зертханалық зерттеулер нәтижелерін ала келіңіз», - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Дәрігерлер консультациясы тек қана алдын ала жазылу арқылы жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға