Жаңалықтар

Астаналықтар неліктен жер сілкінісін сезінді? Министр жауап берді

Астаналықтар неліктен жер сілкінісін сезінді? Министр жауап берді
Фото: © El.kz 23.01.2024 13:09 1338

Ғылым және жоғары білім министрінен БАҚ өкілдері Алматыдағы жер сілкінісінің күші Астанаға дейін жету себебін сұрады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз мәслихатында журналист министрге «Алматыда болған жер дүмпуі неге Астанаға дейін жетті? Себебін түсіндіре аласыз ба?» деп сауал тастады.

Министр сейсмологияның үлкен ғылым екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар күшті жер сілкінісі болғанын айтты.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі қатты болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 балл болды. Жер сілкінісінің толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды. Астаналықтар оны әлсіз болса да сезді, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін  ҚазҰУ жатақханасында аздаған жарықшақтар анықталғаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға