Жаңалықтар

Астаналықтар Наурыздағы спорттық жарыстарға қатыса алады

Астаналықтар Наурыздағы спорттық жарыстарға  қатыса алады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 21.03.2024 19:07 372

Астанада наурыз мерекесінің құрметіне қаланың ашық алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіліп, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар 21 - 22 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарында өткізіледі. Бүгінде қазақ күресі, қошқар көтеру, арқан тарту, армрестлинг, гір спорты және асық ату сияқты қазақтың ұлттық ойындарынсыз бірде-бір мереке өтпейді.

Қаланың әртүрлі аудандарындағы жарыстарға елорданың мыңдаған тұрғыны мен қонақтары қатысады. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады. Алматы ауданындағы осындай алаңдар "Қазақ елі" алаңында, Қобыланды батыр көшесі, 7, Қордай және Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында, Интернациональный, Мичурино, Железнодороный, Өндіріс, Күйгенжар тұрғын алаптарында, Отау, Сарайшық шағын аудандарында, Нұрлы Жол теміржол вокзалының жанында, президенттік саябақта ашылды.

Сарыарқа ауданы бойынша жарыстар қалалық алаңда, “Көктал” саябағында, Қорғалжын және Оқжетпес скверлерінде өткізілді. Байқоңыр ауданы бойынша келесі орындар ретінде "Ататүрік" саябағы, Жазушылар аллеясы, Өндіріс, Қазқалашық, Кирпичный тұрғын алаптары, Қоянды саяжай алабы таңдалған. 

Ал Есіл ауданы бойынша Бәйтерек монументі, ЕХРО, Пригородный тұрғын алабында, Нұра ауданында Үркер тұрғын алабы, Айғыржал көшесі, Жағалау шағынауданы бекітіліп отыр. 

Айта кету керек, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз 10 күн тойланады. Наурызнамның мерекелік онкүндігінің әр күні ерекше мағынаға толы. Мысалы, 20 наурызда Ұлттық спорт күні аталып өткен болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға