Жаңалықтар

Астаналықтар Канвон Олимпиадасының жүлдегерлерін күтіп алды

Астаналықтар Канвон Олимпиадасының жүлдегерлерін күтіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 27.01.2024 02:44 1148

Бүгін Астана қаласындағы халықаралық әуежайында 3×3 хоккейден алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген спортшыларымызды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет бақ сынап, барлық қарсыластарымызбен соңына дейін айқастық. Алғашқы Польшамен өткен кездесуде ірі жеңіске жеткенімен, Аустриямен теңдей ойында 8:9 есебімен жеңілдік. Бірінші жеңіліс командамызға эмоциялық тұрғыда әсер етті. Дегенмен, қола жүлдеге үшін ойында қайта жолығып, есемізді қайтара алдық. Қандай қорытынды шығаруға болады? Салыстырмалы түрде біз Латвиядан кейін ең көп 104 шайба соққан команда атандық. Әйтсе де, көптеген мүмкіндіктерді қолдана алмадық. Кемшілігіміз — қорғанысымыздың тұрақсыздығы. Себебі, 9 ойында қақпамызға 83 шайба өткізіп алдық. Тіпті чемпион атанған Латвиямен бірінші кезеңде ұтқанымызбен, кейін бірнеше шайба жібердік. Жалпы, Олимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне еніп, ел намысын қорғағанымды мақтан тұтамын, - деді хоккейші Жаһангер Тілеухан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға