Астаналық шабандоздар бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль еншіледі

 instagram.com/equestrian_kz
Фото: instagram.com/equestrian_kz

Екатеринбург қаласында өткен «Весна Победы» атты бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода отандық шабандоздар үшін табысты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.

«Арғымақ» ат спортық-сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қатысушылар 70-тен 140 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді.

Ат спорты федерациясының хабарлауынша, спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытқан. Олар қызу бәсекеде 12 алтын, 7 күміс, 4 қола, барлығы 23 жүлде жеңіп алды. 

Атап айтқанда, Азамат Хасенов “Мунфери”, “Асуан" және “Изи” тұлпарларымен бақ сынап, 4 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды. Ал Жалғасбек Сулейменқұлов «Лебедь» пен «Форвард» тұлпарларымен  3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. Шабандоз Әлішер Манар «Артист» тұлпарымен 4 алтын, 1 күміс иеленді. Ал  Сафина Байгужина "Сармат" тұлпарымен 1 алтын, 2 қола медальға, Анель Хасенова «Русская звезда» тұлпарымен қола жүлдеге ие болды. 

Оқи отырыңыз