Жаңалықтар

Астаналық полицейлер ер адамды ажалдан арашалап қалды

Астаналық полицейлер ер адамды ажалдан арашалап қалды
Фото: © Polisia.kz 30.12.2023 16:34 948

Астанада патрульдік полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патрульдік полиция қызметкерлері Олжас Алтынбеков пен Нұрлан Бауыржанов патрульдеу кезінде, Тараз көшесі мен Жангелдин көшесінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген. Жағдайды бағалай отырып, капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін  жетуін  қамтамасыз еткен. Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілді.

Осылайша, полицейлердің жедел әрекеті бір адамның өмірін сақтап қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға