Астаналық оқушылар үздік құтқарушылар байқауында сынға түсті
22.05.2025 03:31
414

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Елордада оқушылар арасында жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға қаланың оқу орындарынан алты команда қатысып, әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, іс-қимылдардың үйлесімділігін және тіршілік қауіпсіздігі негіздері жөніндегі білімдерін көрсетті.
Табанды күрестің қорытындысы бойынша №17 мектеп-гимназиясының командасы жеңіске жетті, екінші орынды №13 орта мектептің жас құтқарушылары, ал үшінші орынды №65 мектеп-гимназиясының командасы иеленді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жас құтқарушылардың қалалық жарыстары спорт пен оқытуды қалай тиімді біріктіруге болатындығын көрсетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалі басталды
Келесі жаңалық
«Ақжайықтағы» өрт: Бүгін әуеден 117 тонна су төгілді