Жаңалықтар

Астаналық ер адамның ішімдік ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

Астаналық ер адамның ішімдік ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан кадр 22.09.2023 09:00 396

Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуылға қатысқан 47 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы сияқты тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқ екенін пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке Dewars вискиін сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткен.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға