Жаңалықтар

Астаналық 71 жастағы зейнеткер бар ақшасынан айырылды

Астаналық 71 жастағы зейнеткер бар ақшасынан айырылды
Фото: © Pixabay.com 02.06.2024 01:29 644

Астанада 71 жастағы қарияның құны 100 мың тұратын ұялы телефонын бейтаныс адам тартып алған. Кейін күдікті мобильдік қосымша арқылы зейнеткердің банк шотындағы бар ақшасын иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға қария арызданған. Оның мобильді банк шотында 475 мың теңгесі болған.

Полицейлер қарақшылық шабуылды жасады деген күдікпен Павлодар облысының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

Қылмыстық кодекстің «тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шабуыл жасаған адам  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға