Жаңалықтар

Астаналық «Вайнах» ансамблі халықаралық байқау-фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды

Астаналық «Вайнах» ансамблі халықаралық байқау-фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды
13.03.2019 11:14 2029

11 наурызда Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Розы России» хореографиялық өнерінің  халықаралық байқау-фестивалінде Астана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблі Бас жүлде иегері атанды. Құттықтаймыз.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ансамбліне өткен жылы 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында республикалық конкурстардың лауреаты, халық ансамблі атағына ие болып үлгерді. 

Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі - Ханифа Мациева, хореографтар: Таймурази Гасвиани, Дмитрий Абсолямов, Салман Абкаров. 

 

Ансамбль қайырымдылық концерттерге қатысып, вайнах халқының мәдениетін сақтауда өзіндік үлесін қосуда. 

Ансамбль құрамында түрлі жастағы әртістер – балалардан бастап үлкендерге дейін өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға