Жаңалықтар

Астаналықтар қыспен қоштасу үшін Масленица мерекесіне қатысты

Астаналықтар қыспен қоштасу үшін Масленица мерекесіне қатысты
11.03.2019 11:22 2474

Астана қаласының Достық үйінде славян халықтарының дәстүрлі Масленица мерекесі кеңінен аталып өтті.

Масленица – қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мерекесі. Масленицада өткізілген рәсімдер Көктемнің Қысты жеңуіне ықпал етеді деген сенім қалыптасқан.

Мерекелік шара барысында  жәрмеңке, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, көпшілік серуені, ойын-сауық, конкурстар мен жарыстар, дәстүрлі тағам құймақ (майшелпек) таратылуы ұйымдастырылып, қорытындысында Достық үйі маңында салтанатты түрде Масленица сабан қуыршағын салтанатты түрде өрттеу рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.  

Дәстүр бойынша масленицада құймақ немесе майшелпек пісіріліп, жақын адамдар бір-бірінен жыл бойғы реніштері үшін кешірім сұрайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрмет етуді қалыптастырып, мәдениетаралық үлгісін көрсету, қоғамда халықаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға