Жаңалықтар

Астанаға жыл басынан бері бір трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған

Астанаға жыл басынан бері бір трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 03.11.2023 03:20 885

Астана тұрғын үй құрылысына, шикізаттық емес секторға инвестициялар бойынша, сондай-ақ негізгі капиталға жалпы көлем бойынша көшбасшы орында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инвесторлардың елорданы дамытуға қанша қаражат бөлгені туралы қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Темірлан Келдібаев айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,3%-ға өсіп, 959,2 млрд теңгеге жетті. Астана тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар бойынша (2-орын) және шикізаттық емес секторда (2-орын), сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бойынша жоғары орында тұр (3 орын).

Тікелей шетелдік инвестицияларға келетін болсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 793,7 млн АҚШ доллары инвестицияланды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79%-ға өсті. 2023 жылға арналған жоспар 1091 миллион доллардан асады, - деді спикер.

Елордада қолайлы инвестициялық ахуал құрылды. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту және инвесторлардың мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Инвестициялық жобаларды табысты іске асыру және кәсіпкерлікті қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және жобаларды сүйемелдеуді жүргізетін «Астана даму орталығы» фронт-офисі жұмыс істейді.

«Astana Invest» мамандары да жәрдем көрсетеді — бұл елорданың арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компаниясы, сондай-ақ «Astana» ӘКК» АҚ қызметі инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға