Астанаға қандай көліктер кіре алмайды? Жаңа шектеу күшіне енді

Астанаға қандай көліктер кіре алмайды? Жаңа шектеу күшіне енді
Фото: El.kz архиві

Бүгін, 10 тамыздан бастап Астанада транзитпен өтетін ауыр жүк көліктерінің қалаға кіруіне шектеу қойылды. Енді елорда арқылы транзитпен өтетін жүк көліктері қаланы айналып өтетін «Астана қаласының айналма жолы» арқылы жүреді.

Елорда әкімдігі транзиттік көлік қозғалысының бағытын өзгертті. Жаңа тәртіпке сәйкес, Астана арқылы басқа елді мекендерге немесе өңірлерге транзитпен бағыт алған ірі жүк көліктері қала аумағына кірмей, айналма жолды пайдалануы тиіс.

Жаңа талаптар Астана қаласы әкімдігінің 27 шілдедегі қаулысымен бекітілген. Құжат бүгін, 10 тамызда күшіне енді.

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Жеңіл көліктерге шектеу жоқ

Әкімдік енгізген жаңа тәртіп қарапайым жеңіл автокөліктерге қатысты емес. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеңіл көліктердің Астана аумағында қозғалуына шектеу қойылмаған. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары үшін жеңіл автокөлікпен жүру тәртібі өзгермейді.

Жаңа шектеу тек Астана арқылы транзитпен өтетін ауыр жүк көліктеріне қатысты. Осылайша, елорда арқылы транзиттік жүк тасымалын айналма жолға бағыттау көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз