Жаңалықтар

Астанаға ФИФА президенті келді

Астанаға ФИФА президенті келді
Фото: kff.kz 03.05.2023 12:53 604

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ресми сапар барысында ФИФА басшысының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Инфантино ҚФФ манежінде оқушылар арасында өтетін футболдан Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселеНі талқылайды.

Айта кетейік, бұл Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға