Жаңалықтар

Астанаға есірткі тасымалдаушыдан 32 келі гашиш алынды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті
Астанаға есірткі тасымалдаушыдан 32 келі гашиш алынды
Фото: gov.kz 02.11.2022 16:25 1478

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция барысында қарасора тобына жататын есірткі затын елордаға жеткізіп келген тұрақты арнаның көзін жойды, деп хабарлайды El.kz

2022 жылғы 29 қазанда полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды.

Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана алынды.

Есірткінің жалпы салмағы - 32 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға