Астанаға Абу-Дабидің тақ мұрагері ресми сапармен келді
11.05.2025 20:52
1746

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады, - деп жазылған Үкімет таратқан хабарламада.
БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Берік Уәли Абай облысындағы орман шаруашылығына барды
Келесі жаңалық
Нейрохирургия – жауапкершілік пен жанкештілік жолы