Жаңалықтар

Астанадан қыс мезгілінде 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды

Астанадан қыс мезгілінде 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 07.02.2024 16:42 364

Астанада соңғы күндері қар мол жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимге көшірілді. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 4 млн текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 7 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,6 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мың жол жұмысшы жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 3 680 рейс арқылы 51,6 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін 288 мың рейс жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға