Жаңалықтар

Астанадан қандай рейстер ұша алмады?

Астанадан қандай рейстер ұша алмады?
Фото: © Shutterstock.com 31.12.2023 07:35 697

Ауа райын байланысты Астана қаласында Air Astana рейстері ұша алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу қауіпсіздігі әуе тасымалдаушысының негізгі басымдығы, сондықтан елордаға келетін немесе кететін бірқатар рейстер тоқтауға мәжбүр болды.

30 желтоқсанда тоқтатылған рейстер:

Алматыдан/Алматыға: КС 621/622, КС 651/652, КС956, КС992A, КС855/856, КС 9910/9920

Дубайға / Дубайдан: КС 207/208

Ақтөбеге/Ақтөбеден: КС 965/966

Оралдан /Оралға: КС979/980

Атырауға/Атыраудан: КС 981/982, КС 983/984

Өскеменге/Өскеменнен: КС 345/346

Ақтауға/Ақтаудан: КС 313/314

Air Astana орындалмаған рейстердің жолаушыларына сатып алу орны бойынша билеттердің құнын тегін қайтаруға және қайта брондауға мүмкіндік береді.

Қазір әуе тасымалдаушы мүмкіндігінше жолаушыларды қонақүйлерге орналастырады. Өкінішке қарай мерекелік демалыс күндері қарсаңында қонақүйлер адамдарға толы болғандықтан жағдай күрделене түсуде.

Жолаушылардың сұраныстарын жедел өңдеу үшін Брондау және ақпарат орталығы, сондай-ақ Астанадағы жерүсті қызмет көрсету қызметі қызметкерлерінің құрамы күшейтілді.

«Әуе тасымалдаушы күн райының өзгеруін бақылап отыр және тезірек жолаушыларды діттеген жерге мүмкіндігінше тез жеткізуге күш салады. Жолаушыларға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз және компанияның ресми сайтында рейстердің мәртебесін бақылап отыруға болатынын еске саламыз»,-делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әуе компаниясы жолаушылардан келесі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды.

Брондау және ақпарат орталығы

+7 727 244 4477

+7 7172 584477

+7 702 702 4477

Рейстер кешігу мәселелері бойынша жедел желі: +7 7272 44 44 78

WhatsApp: +7 702 702 00 74

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға