Жаңалықтар

Астанадан Бурабайға ұлттық нақышта безендірілген пойыз қатынай бастады

Астанадан Бурабайға ұлттық нақышта безендірілген пойыз қатынай бастады
Фото: ҚТЖ 20.03.2023 22:00 1272

Наурыз мейрамына орай Астана – Бурабай курорты бағытында ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы қатынай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Безендірілген пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді. Жылжымалы құрам таңертең Астанадан шығады.

Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол вокзалынан (жөнелту сағат 06.30-да) және Астана-1 вокзалынан (жөнелту сағат 06:57-де) ұйымдастырылады. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы соңғы станцияға сағат 09:51-де келеді.

Сапар жайлы болу үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады, - делінген ҚТЖ ақпаратында.

Мәлім етілгендей, «Наурыз» электр пойызы – бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ПІБ «Бурабай Даму» ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған бірлескен жобасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға