Жаңалықтар

Астанадан бір түнде 6,1 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астанадан бір түнде 6,1 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 27.03.2024 11:06 240

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 27 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 502 рейс арқылы 6,1 мың текше метрден астам қар шығарды.

27 наурыз күні таңертең қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 500 мыңға жуық рейс арқылы 6,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға