Жаңалықтар

Астанадан бір күнде 32 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астанадан бір күнде 32 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 07.03.2024 22:56 392

Астана қаласында қар тазалау жұмысына түнгі ауысымда 550-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні қала бойынша 550-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ал 7 наурыз күні қаладан 2,4 мыңға жуық ауыр жүк көлік рейсі арқылы полигондарға 32,2 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 439,7 мың рейспен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға