Жаңалықтар

Астанадан 5 бағытта қатынайтын жол жабылды

Астанадан 5 бағытта қатынайтын жол жабылды
Фото: Қазавтожол 05.12.2023 12:50 798

Көктайғаққа байланысты Астанадан 5 бағытта қатынайтын республикалық тас жолдары жабылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жедел ақпаратына сәйкес, Қарағанды, Көкшетау, Астраханка, Қорғалжың және Шідерті бағытындағы жолдар жабық. Көктайғаққа байланысты Астанадан 5 бағытта қатынайтын республикалық тас жолдары жабылды.

Сондай-ақ Қарағанды, Көкшетау, Астраханка, Қорғалжың және Шідерті бағытындағы жолдар жабық.

Бұдан бөлек Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында да көліктердің жүруіне шектеу қойылған. Жалпы Қазгидромет желтоқсанның 4-і мен 6-ы аралығында Астана, Шымкент қалалары мен елдің 13 облысында дауылды ескерту болатындығын жариялаған.

Оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, бұрқасын соқса, солтүстік аймақтарда жауын аралас қар жауып, көктайғақ болады. Осы ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші ауысымда білім алатын оқушылар бүгін қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға