Жаңалықтар

Астанадағы Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысын министр тексерді

Астанадағы Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысын министр тексерді
Фото: gov.kz 07.08.2023 01:29 628

Министр Марат Қарабаев Астана қаласындағы Тәуелсіздік көшесіндегі көпір құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл соңына дейін көпір бойынша барлық негізгі жұмыстарды аяқтау және қозғалысты ашу жоспарланған. Көпірді абаттандыру жұмыстары 2024 жылы пайдалануға беріле отырып аяқталады.

Нысанды аралау барысында ҚР ИИДМ басшысы құрылыс салушылармен ірі инфрақұрылымдық жобаларда құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Марат Қарабаев Астананың сол жағалауында қазандық құрылысымен танысты. Жылу қуаты жеткілікті үлкен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жаңа объектісі (250 мың тұтынушыға) қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің жалпы желісіне қосылатын болады. Жоба жүктемені азайтуға және елорданың ЖЭО жұмысына қосымша қолдау көрсетуге арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға