Жаңалықтар

Астанадағы Речной тұйық көшесінде жөндеу жүргізіледі

Астанадағы Речной тұйық көшесінде жөндеу жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 18.07.2023 17:51 639

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жылыбұлақ тұйық көшесінен бастап Сүткент тұйық көшесіне дейінгі учаскедегі Речной тұйық көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған байланысты 19-20 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға