Жаңалықтар

Астанадағы құрылысы ұзаққа созылған үйлердің қашан аяқталатыны белгілі болды

Биыл үлескер отбасы саны 4 мыңға дейін қысқарған
Астанадағы құрылысы ұзаққа созылған үйлердің қашан аяқталатыны белгілі болды
Фото: gov.kz 22.12.2022 07:18 789

Елордадағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2019 жылы елордада 150 проблемалы үй және 16 мыңнан астам үлескер отбасы болған. Ал биыл ол көрсеткіш 4 мыңға дейін қысқарды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында бүгінде 120 үйдің құрылысы аяқталып, 13 мыңға жуық үлескер отбасы тұрғын үй алды. 2023-2024 жылдары қалған 8 нысанды немесе 30-дан астам үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 4 мың үлескер отбасы", - деді мегаполис әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Әрбір нысан бойынша қаржыландыру көздері айқындалған тетік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға