Жаңалықтар

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» вокзалының аты өзгереді

Астанадағы  «Нұр-Сұлтан»  вокзалының аты өзгереді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 08.01.2024 17:15 6391

Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан» темір жол станциясы «Астана» темір жол станциясына; «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станциясы «Нұрлы жол» теміржол станциясына өзгертілсін, -  делінген «Ашық НҚА» порталындағы құжатта.

Айта кетейік, 2019 жылы елордадағы «Астана-1 теміржол» вокзалының атауын «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» етіп өзгерту ұсынылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға