Жаңалықтар

Астанадағы мешітте 800 мың теңге тұратын кросcовки ұрланды

Астанадағы мешітте 800 мың теңге тұратын кросcовки ұрланды
Фото: © Polisia.kz 11.10.2023 12:40 1376

Астана мешітінде брендтік аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мешітте аяқ киім ұрлау фактісі бойынша полицияға қала тұрғыны жүгінген. Жұма намазына келген жәбірленуші қайтарда кроссовкасын таппай қалғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 14:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан мешітке келгені белгілі болды. Келушілердің аяқ киімдерінің біріне көзі түскен күдікті, ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, құны 800 мың теңге тұратын Stefano Richi брендінің кроссовкасын киіп кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға