Жаңалықтар

Астанадағы мектептің 4-қабатынан 8-сынып оқушысы секіріп кетті

Астанадағы мектептің 4-қабатынан 8-сынып оқушысы секіріп кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 18.04.2024 10:00 1181

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға №72 мектеп-лицейде болған. Оқушы көптеген дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында, – деп елорданың білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға