Жаңалықтар

Астанадағы мектептердің бірінде тарақан өріп жүр

Астанадағы мектептердің бірінде тарақан өріп жүр
Фото: Видеодан кадр 10.01.2024 15:00 812

Желіде Астана қаласындағы №73 мектеп-лицейде түсірілген тарақандардың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген. №73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі.

Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарланып отыр, - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған. Дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға