Жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері заңсыз үйілген 188 қоқыс орны анықталды

Астанада жыл басынан бері заңсыз үйілген 188 қоқыс орны анықталды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 23.08.2023 00:29 662

Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтап, оларды жою жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері қаланың бес ауданында рұқсат етілмеген 188 орын анықталды. Олардың басым бөлігі жойылды, қалғандарын жою жұмысы жүргізілуде.

Есіл ауданында ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы стихиялық қоқыс тасталған 72 орын табылды. Қазіргі уақытта олардың 20-сы пысықталды, қалғандары бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.

Құрылыс компаниялары 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарды.

Биыл экологиялық айлықты және коммуналдық сенбіліктерді ескере отырып, барлығы 24 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Нұра ауданы бойынша жалпы көлемі 30 мың тоннадан асатын қоқысы бар рұқсат етілмеген 45 орын анықталды. Оның 13-і жойылды. 10 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды.

Рұқсат етілмеген полигондарды әкетуге 4 құрылыс компаниясы жұмылдырылған.

Жыл басынан бері Алматы ауданынан 9 350 тоннадан астам (1226 рейс) қоқыс шығарылды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық суреттеріне сәйкес рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 39 орын анықталды. Оның 38-і пысықталды.

Сарыарқа ауданында табылған 24 орынның 20-сында заңсыз қоқыс орны жойылып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.

Құрылыс қоқыстарын заңсыз шығару фактілерін болдырмау үшін экологиялық полиция жұмылдырылады.
Осы жылдың басынан бастап абаттандыру және санитария нормаларын бұзу туралы 605 хаттама жасалды, 5,5 млн теңге сомасына айыппұл салынды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық суреттері бойынша Байқоңыр ауданында 22 орын анықталды, оның сегізі расталды. Олардың барлығы жойылды.

Заңсыз полигондарды жою жұмысы жалғасып жатыр.
Олардың арасында жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға