Жаңалықтар

Астанада Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды

Астанада Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды
Фото: Сұлтан Сейіт 04.11.2023 18:17 915

Елордада еркін күрестен Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төртінші мәрте өткізіліп жатқан республикалық турнирге барлық өңірден 24 команда бақ сынап жатыр. Осы орайда жарыстың ашылу салтанатына жас балуандарды қолдауға Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, Астана спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов келді. 

Спорт саласы қашанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Тіпті халыққа арнаған әр жолдауында отандық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық бере отырып, алдымызға нақты тапсырмалар қойған болатын. Себебі бүгінгі жас спортшылар – ертеңгі елдің мықты азаматтары мен ел мерейін асқақтататын чемпиондар. Дәстүрлі түрде өтетін турниріміз бүгін міне, төртінші жыл қатарынан елорда төрінде өткелі отыр. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден аса жас өрендер қатысып жатыр. Әр жыл сайын айтулы шара еркін күрес тарихында өзінің айтылмас ізін қалдырып, жас спортшылардың асыға күтетін турниріне айналды деуге болады,- деді Астана спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов. 

Биылғы бәсеке 2 санат бойынша өтіп жатыр: 

— 2009-2011 жылы туғандар (12 салмақ) 

— 2012-2014 жылы туғандар (7 салмақ) 

Турнирді ұйымдастырушы Асқар Қайратұлы жарыстың ерекшілігіне тоқталды.

Биылғы жарыстың ерекшелігі — республикалық деңгейде өткенімен, жас спортшылар ешқандай іріктеусіз қатысуына мүмкіндігі бар. Жасөспірімдер Азия чемпионаты өткен, аңыз балуанның атындағы спорт сарайында жүлдеге таласып әрі тәжірибе жинап жатыр.  2009-2011 жылы туғандар келесі жылы Қазақстан чемпионатына қатысады. Олар осы турнирде болашақ қарсыластарын зерттей алады. Ал 2012-2014 жылы туғандар осындай үлкен сарайда белдесу арқылы өз қорқыныштарын жеңеді. Оның үстіне бұл жылы өмірге келгендер қалалық, ашық қалалық және осы республикалық деңгейде ғана сайысқа түседі. 24 команда келгенімен, белгілі бір облысты фаворит деп, айта алмаймын. Әр өңір 1-2 алтын алып жатады. Былтыр Ақмола облысы жалпы есепте 1-орын алған еді,- деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға