Жаңалықтар

Астанада Жұмабаев даңғылында су беру уақытша тоқтатылады

Астанада Жұмабаев даңғылында су беру уақытша тоқтатылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.12.2023 04:34 495

Елордада Жұмабаев даңғылында үйлер мен ғимараттардың бір бөлігінің су құбырында авариялық жұмыс жүргізілуіне байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Астана Су арнасы» МКК сілтеме жасап.

Жұмабаев даңғылы 3, 9, 11 мекенжайында Д=630 мм су құбырына авариялық жұмыс жүргізілуіне байланысты (құдықтардағы су ағып кетуді тоқтату) 2023 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 23:00-ден 15 желтоқсан күні сағат 08:00-ге дейін ауыз су беру тоқтатылады.

Мына тұтынушы тұрғын үйлер ауыз судан ажыратылады: Жұмабаев даңғылы, 3, 5, 5/1, 7/1, 9, 9/1, 11;
Тұрғын емес нысандар: Жұмабаев даңғылы, 7, Петров көшесі, 34.

Қала тұрғындарына шыдамдылық танытып, жағдайға түсініспеушілікпен қарауды сұраймыз. Барлық ақаулар жақын уақытта жойылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға