Жаңалықтар

Астанада жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайтын бәйге өтеді

Астанада жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайтын бәйге өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 24.05.2023 15:12 801

Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.

Бәйгенің «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.

Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.

Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де «Қазанат» атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, №303, 323 автобустар қатынайды) басталады. Кіру тегін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға