Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылды

Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.08.2023 14:43 658

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан М1 көпіріне оң жақ съездінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға