Жаңалықтар

Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылады

17.05.2025 23:45 1024
Астанада жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 19-20 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Күйші Дина көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 21 мен 22 мамыр аралығында Б.Майлин көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға