
Астанада жол бойында жанжал шығарған ер адамдар қамалды
16.06.2025 21:37
6064
Фото: instagram.com/police__astana
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден екі ер адамның Астанадағы Тұран даңғылының жүргіншілер жолағында сөзге келіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген видеоныанықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ұсақ бұзақылық жасаған екі құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды бір-біріне құрметпен қарауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.