Жаңалықтар

Астанада жиһаз жасайтын цех өртенді

Астанада жиһаз жасайтын цех өртенді
Фото: Видеодан кадр 24.01.2024 00:34 416

Астанада жиһаз жасайтын цехта өрт шықты. Оқиға 23 қаңтар сағат 21:20 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 21.26-да шақырудың жоғары дәрежесі бойынша келіп жеткен өрт сөндірушілер жиһаз жасайтын өндірістік цехтың 1200 шаршы метр алаңында жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке техникалық бұйымдар жанғаны анықтаған. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 23.19-да сөндірілді. Оған ТЖД жеке құрамының 93 маманы мен 18 техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Астаны (@tjd_astana)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға