Жаңалықтар

Астанада «Жетісу әуендері» атты концерт өтті

Астанада «Жетісу әуендері» атты концерт өтті
Фото: Астана қалалық әкімдігі 16.03.2024 22:30 423

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этно ансамблі елордалықтарға «Жетісу әуендері» атты концерт ұсынды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметінше, концерт шымылдығы М.Бердіғұловтың «Шашу» шығармасымен ашылды.  Ал концерттің негізі болған М.Әубәкіровтің «Жетісу суреттерін» орындаған шығармашылық топ тыңдарманның көз алдына Жетісу өңірінің бар көркемдігін әкелгендей болды.

Кеште «Қорқыт» этно ансамблі, филармонияның дәстүрлі әншілері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахым, мәдениет саласының үздіктері Телман Нүркенов, Нұрай Танабаев, Әйгерім Нартүйе, Данияр Мұқан және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Оңғарбай, Алуа Қалымбекова, Нұржан Мейірхан өнер көрсетті.

Концерттің негізгі мақсаты – Жетісу композиторларының әндерін, күйлерін насихаттау. Сонымен қатар, этно ансамблінің орындаушылық шеберлігін көпке таныту. Жалпы, біздің өнер ұжымы қатысқан байқауларда, концерттерде өнерсүйер көпшілік ылғи өз ризашылықтарын білдіріп жатады. Бүгінгі концерт те өте сәтті өтті деп ойлаймын. Тыңдармандар «бейне бір спектакль тамашалағандай болып шықтық» деп әсерлерімен бөлісуде. Осылайша ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып жатқанымызға дән ризамыз, – деді «Қорқыт» этно ансамблі – дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға