Жаңалықтар

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 17.11.2023 18:45 504

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды. Төртінші қазандықты іске қосу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. ЖЭО-3-тің жалпы жылу қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған, ол өз кезегінде қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың біріне айналған. Осыдан кейін қуаты 220 Гкал/сағ болатын 2 қазандық іске қосылды.

ЖЭО-3 биылғы жылыту маусымында жұмысын бастады. Қазіргі уақытта үш қазандықтың қуаты сағатына 330 Гкал-ды құрайды. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.

ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды. Себебі жылу электр орталығының капсуласы 2010 жылы салынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға