Жаңалықтар

Астанада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша байқау өтіп жатыр

Астанада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша байқау өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 12.11.2023 15:26 468

Астанада«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы мен «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үздік жоба идеялары» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жатыр. 

Аталған ауқымды шараны қалалық ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр. 

Мұндағы басты мақсат парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобалардың идеяларын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталып отыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға