Жаңалықтар

Астанада жеке сот орындаушылары алимент төлеуге арналған ақшаны ұрлаған

Астанада жеке сот орындаушылары алимент төлеуге арналған ақшаны ұрлаған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 11.10.2023 10:20 502

Астанада қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушылары жарты жыл бойы алимент төлеуге арналған ақшаны ұрлап келген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше, екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген.

Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған, - делінген мәліметте.

Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған.

Прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда.

Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға