Жаңалықтар

Астанада жазба мұраларды қалпына келтіру мәселелері талқыланды

Астанада жазба мұраларды қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz 11.12.2023 21:03 448

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандығы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Реставратор, қор сақтаушы мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды меңгеру мақсатында ұйымдастырылған семинарға еліміздегі архив, кітапхана мен музей қызметкерлері қатысып, шетелдік мамандар    видеобаяндама жасады.

Семинарда архивтік құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау, қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайдалану, реставрациялау мәселелері туралы шеберлік сағаттары өтті.

Айта кетейік, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы зертхана жұмысы 2018 жылы 15 қарашада ашылған. Зертхана АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Италия, Жапония, Алмания сияқты мемлекеттерде шығарылған озық технологиямен жабдықталған. Еліміздегі қағаз құжаттарға реставрация жасаудың толық циклін атқаратын орталықтың мамандары Түркия, Ресей, Иран, Армения, Корея елдерінде тәжірибе алмасып, өз біліктілікті арттырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға