Жаңалықтар

Астанада жатақхана өртеніп, бір адам уланып қалды

Астанада жатақхана өртеніп, бір адам уланып қалды
Фото: Видеодан кадр 17.06.2024 02:40 428

Астана қаласының Сарыарқа ауданында ТЖ қызметкерлері жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтыланған ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жануда.

Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға