Жаңалықтар

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.11.2023 12:47 4293

Астанада «Green Build Central Asia 2023» халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қазақстан мен әлемдегі жасыл құрылыстың мәселелері мен  тенденциялар болашағын талқылау, жобалауда, материалдар мен құрылыста тиімді инновациялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, төмен көміртекті ғимараттар/жасыл құрылысты ынталандыру саласындағы біліммен және тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) жасыл құрылысты ілгерілету, экологиялық таза материалдар мен технологияларды ендіру мәселелерін талқылау үшін Қазақстан мен ТМД елдерінің сәулет, құрылыс, жобалау саласының үздік мамандары мен тұрақты даму сарапшыларын бір алаңға жинады. Халықаралық конференция қатысушылары: жасыл құрылыс саласындағы сарапшылар мен мамандар, жасыл құрылыс жөнінен кеңестердің өкілдері, құрылыс компаниялары, девелоперлер, сәулет пен жобалау ұйымдарының, инженерлік, дистрибьютерлік компаниялардың өкілдері, экологиялық құрылыс материалдарының, технологиялар мен құрал-жабдықтардың өндірушілері, құрылыс индустриясын тұрақты даму принциптеріне көшіруді басты мақсат еткен бизнес, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдері.

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

KazGBC конференцияның «Жасыл құрылыс балалар көзімен» балалар сурет байқауын қорытындыланып, сонымен қатар «Green Awards-2023» рәсімін өткізіп, Қазақстанда үздік жасыл ғимараттар жобалаған/тұрғызған құрылыс компанияларын, сонымен қатар елдегі тұрақты экологиялық құрылыс идеяларын табысты түрде ілгерілетіп отырған мамандарды марапатталады.

Астанада жасыл құрылыс тақырыбында конференция өтіп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға