Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
18.01.2025 17:28
562
Астанада 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында жасөспірімнің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға елорданың Хан Шатыр аумағында, Әнет баба көшесі бойында болды. Астананың Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны артты
Келесі жаңалық
Шорт-трекшілеріміз 1000 метрде финалда сынға түседі