Жаңалықтар

Астанада жас отбасылар үшін ерекше шеберлік сағаты өтті

Астанада жас отбасылар үшін ерекше шеберлік сағаты өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 15.06.2024 21:18 293

Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.
Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.
Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттауға бағытталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға