Жаңалықтар

Астанада жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер ұсталды

Астанада жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер ұсталды
Фото: inbusiness.kz 13.01.2023 09:33 1726

Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме  жасап.

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған, - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға