Жаңалықтар

Астанада жаһандық іскер әйелдер бас қосты

Астанада жаһандық іскер әйелдер бас қосты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 07.06.2023 14:50 1976

Аталған шара әйелдерге жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік беру арқылы оларды бір шаңырақ астында біріктіру, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің негізін қалаушы, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашеваның сөзінше әлем бойынша әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған көптеген ұйымдар бар.

Астанада жаһандық іскер әйелдер бас қосты

Бірақ біз GBWC-де бүкіл әлем бойынша бизнес пен инвестициялардағы әйел көшбасшыларды біріктіруге бағытталған халықаралық ұйым ретінде бірегейміз. Мақсатымыз бүкіл әлемдегі көшбасшыларды бір шаңырақ астында біріктіру. GBWC-тің алғашқы пленарлық отырысы шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысы аясында өтеді. FIC пленарлық отырысы әлемдік көшбасшылар мен инвесторларды ғана емес, әйел көшбасшыларды да біріктіреді, – деді ол.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта көшбасшылықта жүрген әйелдер көп екенін айтты.

Біз бұған қарап қуанамыз. Басты мақсатымыз - бұл әйелдерді осы платформаға тарту, осылайша біз іскерлік және инвестициялық жобаларда бір-бірімізбен ынтымақтаса аламыз. Сондықтан біз әлемнің түкпір-түкпірінен әйелдерді GBWC-ге қосылуға және Қазақстаннан бастап жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерді зерттеуге шақырамыз, – деді Жанна Байдашева.

Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің қоры құрылмақ. Бұл өз кезегінде кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлеуметтік жобаларды қолдауға және әртүрлі кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін қарастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға