Жаңалықтар

Астанада заңсыз автонесие рәсімдеу арқылы азаматтарды алдаған алаяқтар ұсталды

Астанада заңсыз автонесие рәсімдеу арқылы азаматтарды алдаған алаяқтар ұсталды
Фото: ҚР ІІМ 10.04.2024 14:39 358

Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын келтірген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады, - делінген мәліметте. 

Полиция осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерді құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға